Рикардо Кака: «Финляндия кез келген командаға лайықты қарсылық көрсетеді»
- Команданың жағдайы қалай?
- Кеше алғаш рет толық құрамда жаттығу жүргіздік. Үш төрттік пен екі қақпашы. Қатардағы ойыншылардың толық жиналғаны жақсы. Алайда, функционалдық жағынан дайын емеспіз.
- Ақбалықовтың алаңнан қуылған жағдайы туралы айтып өтсеңіз? Ұлттық құрамада қызыл қағаз алған ойыншыларға айыппұл салынады ма?
- Ұлттық құрама мен «Қайратта» мұндай жазалар жоқ. Ойын сәті болғандықтан аяғын көтерді. Қақпашыға жарақат салу ойы болмады. Альберт үшін үлкен сабақ. Екі ойынға дейін қатыспауы ықтимал. Алайда, команда бірлігін көрсете алды. Көптеген қиындықтардан кейін Леоның жарақаты соңғы болар деп ойлағанмын. Альберттің қызыл қағазы қосылды. Мінез танытқан ойыншыларға алғыс айтамын.
- Эдсонның ойынына қандай баға бересіз?
- Өте жоғары. Ұлттық құраманың ойыны басқарақ. Ол жауапкершілікті жақсы түсінеді. Дайындығы аз болды. Соған қарамастан жақсы ойын көрсетті. Әлі де ойынын жақсарта түсетін мүмкіндігі бар.
- Финляндия мен Италияның ойыны таңғалдырды ма?
- Еуропа чемпионатына қатысып жатқан барлық командалар жақсы нәтижеге қол жеткізе алады деп ойлаймын. Финляндия соңғы жылдары кез келген командағы лайықты қарсылық көрсетуге дайын екенін дәлелдеді.
- Кнауб пен Тұрсағұловтың жағдайы қалай? Дайын ба?
- Бүгін алаңға шығады. Олардың ойын тәжірибесі болмады. Кнауб коронавирус салдарынан көп уақыт өткізіп алды. Кеше алғаш рет жаттығу жасады. Тұрсағұловтың да жағдайы сондай. Екеуінің де денсаулығы жақсы. Алайда, физикалық дайындықтарын жүз пайыз емес.