Туған күні: 20.11.1971
Атқаратын қызметі: Қазақстан футбол федерациясының президенті
Жұмыс тәжірибесі:
1993-1995 - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің ЭЕМ математикалық қамтамасыз ету кафедрасының ассистенті;
1995-1999 – «Tamos Education» ЖАҚ білім беру мекемесінің директоры;
1999-2000 – «Tamos» физика-математика мектебінің директоры;
2000-2002 – «Мұнай және мұнай өнімдерін сараптау және сертификаттау орталығы» ЖШС бас директоры;
2001-2005 – «Таймас» компаниялар тобының Президенті;
2005-2006 – «Атамекен» Қазақстанның жалпыұлттық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы басқармасының мүшесі;
2006 – «Еуразиялық зерттеулер институты» қорының Бас директоры;
2007-2012 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы;
2012 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы;
2012-2014 – «Арқа» басқарушы инвестициялық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі;
2014-2016 – «Қазақмыс корпорациясы», «Kazakhmys Holding» ЖШС коммерциялық директоры;
2016-2022 – «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Бас директоры;
2020-2022 – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Бас директоры.
2022 – қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан футбол федерациясының президенті.
Туған күні: 22.12.1984
Білімі: Жоғары
Қызметі:
2002-2004 – «Алматы қаласының футбол федерациясы» ЗТБ Жауапты хатшысы
2004-2008 – «Қазақстан футбол одағы» ЗТБ менеджері
2008-2009 – «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ футзал департаментінің директоры
2009-2011 – «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ Ұлттық футбол лигасы департаментінің менеджері
2011-2012 – «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ Ұлттық футбол лигасы департаментінің директоры
2011-2016 – UEFA футзал және жағажай футбол комитетінің мүшесі
2012-2014 – «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ Атқарушы директоры
2014-2015 – «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының төрағасы
2014-2017 – «Қазақстан футбол федерациясының» қауымдастығы» ЗТБ вице-президенті
2015-2016 – «Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы» қауымдастығы» ЗТБ президенті
2016-2023 – UEFA маркетинг комитетінің мүшесі
2017-2018 – «Шахтер» футбол клубы» АҚ директоры
2018-2022 – «Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы» қауымдастығы» ЗТБ президенті
2022-2023 – «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ бас хатшысы
2023-2024 – «Қазақстан Футбол Федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ бірінші Вице-президенті
2012 ж. және қ.у. – «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ атқарушы комитетінің мүшесі
2013 ж. және қ.у. – UEFA матч делегаты
2016 ж. және қ.у. – FIFA матчтарының комиссары
2023 және қ.у. – UEFA ойыншылардың мәртебесі, трансферлері, агенттері және матч агенттері комитетінің мүшесі
2023 ж. және қ.у. – «Қазақстан футболшыларының кәсіпқой одағы» ҚБ президентінің кеңесшісі
2024 ж. және қ.у. – «Sport Plus Qazaqstan» медиатобының бас директоры.
1989 ж. – Қайрат Боранбаев Қазақ дене шынықтыру институтын бітіріп, кейін бірнеше жыл бойы Қазақстан Республикасының спорт мектептерінде оқытушы-бапкер ретінде педагогикалық қызмет атқарды.
2000 жылы – Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығын бітіріп, екінші жоғары білімін алды.
Педагогика ғылымдарының кандидаты
1993 жылдан бері – мемлекеттік және бизнес-құрылымдарда түрлі басшылық қызметте жұмыс істейді
2006 жылы Қайрат Боранбаев қазақстандық-ресейлік «КазРосГаз» кәсіпорнының Басқарма Төрағасы (Бас директор) қызметіне тағайындалды. «КазРосГаз» компаниясын 6 жыл бойы басқарған ол мемлекеттік маңызды жобаларды қолдап, оларды дамыту бағытында белсенді қызмет атқарады.
2009 жылы қоғамдық қызмет атқарып, Қазақстан Республикасында салауатты өмір салтын қолданып және оны насихаттап жүрген Қайрат Советайұлы «Қостанай облысы бокс федерациясы» Қоғамдық Бірлестігінің Президенті болып сайланды.
2012 жылы Қайрат Боранбаев «Қайрат» футбол клубы Бақылау кеңесінің Төрағасы атанды. Оның қатысуымен Қазақстан Республикасында балалар мен жасөспірімдер футболы жоспар бойынша дамып, клубтың халықаралық жоғары стандарттарға сай инфрақұрылымы салынды.
2014 жылдан бастап Қайрат Боранбаев «Алмалы» активтерін басқару Компаниясы» атты қазақстандық ірі холдингтің Бас директоры саналады.
2015 жылдың 17 наурызынан бері – Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті.
Қайрат Боранбаевтың көпжылдық мұнтаздай жұмысы мен кәсіптік қасиеті мемлекет назарынан тыс қалмады. Бұған оның жоғары наградалары дәлел. Мемлекет алдындағы еңбегі үшін, белсенді қоғамдық қызметі үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін ол «Құрмет» Орденімен және «Парасат» Орданімен марапатталды. Рухани-өнегелі және адамгершілік қаситеттердің дамуы бағытындағы бағдарламаны қолдағаны үшін Боранбаев Қ. «Аль-Фахр» Құрметінің ІІ дәрежелі ордені – Ресей мүфтилері Кеңесінің жоғары наградасымен, халықтар арасында татулық пен достықты нығайту жолында елеулі үлес қосқаны үшін ІІІ дәрежелі «Даңқ және Құрмет» орденімен және ІІІ дәрежелі Даниил Московский орденімен марапатталды.
Туған күні: 13.08.1968
Атқаратын қызметі: «Ken Dala Center» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
Жұмыс тәжірибесі:
1992-1994 – Мәскеу тауар биржасының брокері;
1994-1995 – Атырау облысы әкімінің көмекшісі;
1995-2007 – «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасы;
2008 - қазіргі уақытқа дейін – «Ken Dala Center» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
Туған күні: 15.06.1987
Атқаратын қызметі: «Оқжетпес» ӘФК бас жаттықтырушысы, Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысының ассистенті
Жұмыс тәжірибесі:
2003-2021 – Футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының кәсіби ойыншысы;
2005-2009 – «Алма-ҚТЖ» ӘФК кәсіпқой ойыншысы (Алматы);
2010-2012 – «МЖСШБ» ӘФК кәсіпқой ойыншысы (Алматы);
2012-2014 – «БИІК-ҚАЗЫҒҰРТ» ӘФК кәсіпқой ойыншысы (Шымкент);
2015-2016 – «СШВСМ» ӘФК кәсіпқой ойыншысы (Алматы);
2017 – «БИІК-ҚАЗЫҒҰРТ» ӘФК кәсіпқой ойыншысы (Шымкент);
2019 – «Оқжетпес» ӘФК бас бапкері (Көкшетау);
2019-2021 – «Оқжетпес» ӘФК кәсіпқой ойыншысы (Көкшетау);
2021 - қазіргі уақытқа дейін – «Оқжетпес» ӘФК бас бапкері (Көкшетау);
2022 - қазіргі уақытқа дейін – футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысының ассистенті.
Туған күні: 06.06.1966
Атқаратын қызметі: «ARCADA» КТ Бас директоры
Жұмыс тәжірибесі:
1988-1990 – Костенко атындағы шахтаның тау-кен шебері;
1994-1995 – «Казкоммерцбанк» АҚ Қарағанды филиалының директоры;
1995-1997 – «Асылбанк» АБ Басқарма Төрағасы;
1997-1998 – «Қарағанды өңірлік Банкі» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
1998-2000 – «Нұрбанк» ААҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
2001-2004 – «ARCADA» ЖШС директоры;
2004-2007 – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары;
2007-2016 – Arcada Holding Limited Басқарушы директоры;
2016-2018 – «ARCADА» КТ Директорлар кеңесінің төрағасы;
2018 – қазіргі уақытқа дейін – «ARCADA» КТ Бас директоры.
Туған күні: 01.09.1965
Атқаратын қызметі: «Энергомост» консорциумы Директорлар кеңесінің төрағасы, «Ақсукант» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, «Элитстрой Групп» ЖШС Басқарма Төрағасы, «Қайрат» АФК Президенті
Жұмыс тәжірибесі:
1989-1992 – «Қазсельхоз техника» ҚазКСР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп объектілерін техникалық қайта жарақтандыруды жоспарлау жөніндегі инженері;
1992-1994 – «Алматы-Вена» Бас директоры;
1994-1997 – «Қайнұр» ЖШС директоры;
1997-1999 – «Теплоэнергомаш» ЖШС директоры;
1999-2003 – «Элитстрой» ЖШС қаржы директоры;
2003-2005 – «Алтел» АҚ президенті (DALACOM);
2005-2006 – «Элитстрой» ЖШС Бас директоры;
2006-2017 – «Элитстрой Групп» ЖШС президенті;
2017 ж. – «Энергомост» консорциумы Директорлар кеңесінің төрағасы;
2018 ж. – «Ақсуқант» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы.
Туған күні: 07.11.1965
Атқаратын қызметі: «Рахымжан-Петролеум» ЖШС Бас директоры
Жұмыс тәжірибесі:
2001 - қазіргі уақытқа дейін – «Рахымжан-Петролеум» ЖШС Бас директоры.
Туған күні: 13.11.1987
Атқаратын қызметі: «Фридом Финанс» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Freedom Finance Global PLC жария компаниясының президенті
Жұмыс тәжірибесі:
2005-2006 – «ЮТРЭЙД.РУ» ААҚ биржалық сауданы оқытудың талдаушысы;
2006-2007 – «ЮТРЭЙД.РУ» ААҚ биржалық сауданы оқыту бөлімінің бас маманы;
2007-2008 – «ЮТРЭЙД.РУ» ААҚ биржалық сауданы оқыту бөлімі бастығының орынбасары;
2008 – «ЮТРЭЙД.РУ» ААҚ сату және клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің бастығы;
2009-2010 – «Қаржы Трейд Эссет Менеджмент «Басқарушы компаниясы» ЖШҚ клиенттерді тарту бөлімінің бастығы;
2010-2011 – «НАТТРЕЙДЕР» ЖШҚ бас директорының халықаралық нарықтардағы жұмыс жөніндегі орынбасары;
2011 - қазіргі уақытқа дейін – «Фридом Финанс» ИК ЖШҚ бас директоры;
2012 – «NOMAD FINANCE» АҚ Басқарма Төрағасы;
2013-2017 – «Фридом Финанс» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі;
2014 - қазіргі уақытқа дейін – FFIN Brokerage Services Inc. Президенті;
2015 - қазіргі уақытқа дейін – Freedom Holding Corp. Директорлар кеңесінің төрағасы, Бас директоры;
2015 - қазіргі уақытқа дейін – Freedom Finance Europe Ltd (бұрын - FFINEU Investments LTD) директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры;
2015 - қазіргі уақытқа дейін – «ФФИН Банк» ЖШҚ Бақылау кеңесінің төрағасы;
2017 - қазіргі уақытқа дейін – «Фридом Финанс» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
2018 - қазіргі уақытқа дейін – «Мәскеу биржасы» ЖАҚ қор нарығы комитетінің мүшесі;
2018 - қазіргі уақытқа дейін – «Freedom Finance Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
2018 - қазіргі уақытқа дейін – «Freedom Finance Insurance «Сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
2019 - қазіргі уақытқа дейін – «Санкт-Петербург биржасы» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
2019 - қазіргі уақытқа дейін – «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
2019 - қазіргі уақытқа дейін –қор нарығына қатысушылардың ұлттық қауымдастығының брокерлік қызмет жөніндегі кеңесінің мүшесі;
2020 - қазіргі уақытқа дейін – «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (бұрын «Kassa Nova Банкі» АҚ («ForteBank» АҚ ЕБ);
2021 - қазіргі уақытқа дейін – «Freedom Finance Global PLC» Қоғамдық компаниясының президенті.