Басшылық
Омаров Марат Талғатұлы
Президент
Хамитжанов Саян Жақсыгелдіұлы
Бас хатшы
Лория Давид Григорьевич
Вице-президент
Омаров Марат Талғатұлы
Президент

1988 жылдың 20 қыркүйегінде туған.

2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша британдық Йорк университетін «философия, саясаттану, экономика» мамандығы бойынша, 2011 жылы әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі беріле отырып, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін (LSE) бітірді.

Мансап

2012-2014 жылдары – Экономикалық даму және сауда, кейіннен- Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.

2014-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.

2016-2017 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарушы директоры.

2017-2019 жылдары – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасы, трансформациядан кейін – «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді).

2019 жылдан бастап 2020 жылғы қазанға дейін – «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ басқарушы директоры - Басқарма мүшесі. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы тамызға дейін – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2022 жылғы 16 тамызда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Хамитжанов Саян Жақсыгелдіұлы
Бас хатшы

Туған күні: 03.12.1970

Жұмыс тәжірибесі:

2001-2003 - Астана қаласы Туризм және спорт департаментінің директоры;

2001-2004 – «Жеңіс» ФК президенті;

2005-2007 – «Алма-Ата» ФК президенті;

2006 - Қазақстан футбол одағының Бас директоры;

2007 - Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті;

2008-2014 - Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы;

2012-2014 - Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті;

2014-2015 – «Астана» ФК Президентінің кеңесшісі;

2015-2016 – «Астана» ФК президенті;

2016 – «Астана» ФК бас менеджері

2017-2018 – «Астана» ФК президенті

2023 – «Астана» ФК бас директоры;

Лория Давид Григорьевич
Вице-президент

1981 жылы 31 қазанда Ақмола қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бакалавры, Астана қ. (2002 ж.).

Абай атындағы Университет, педагогика ғылымдарының магистрі, Алматы қ. (2010 ж.).

University of Limoges (France) и Birbeck University of London (UK), UEFA MIP, UEFA Академиясының жанындағы спорттық менеджмент магистрі (2022 ж.)

Мансап

Еңбек қызметі:

1997-2019 жж. - «Жеңіс», «Астана», «Шахтер», «Ертіс», «Қайрат», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Хальмстад» (Швеция), «Спартак-Нальчик» (Ресей), «Ризеспор» и «Каршияка» (Түркия) футбол клубтарының кәсіби футболшысы;

2020 ж. - 06.2021 ж. – «Астана» ФК атқарушы директоры;

2021 ж. - 09.2021 ж. – «Астана» ФК бас директоры;

2022 ж. - 09.2022 ж. – «Super Bol» жобасының бас менеджері;

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Астана қаласы Футбол федерациясының президенті.

Мемлекеттік наградалары, мерейтойлық медальдары:

«Құрмет» ордені (2024 ж.).

Партиялық тиістілік:

«AMANAT» партиясының мүшесі.

2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихаты VIII сайланымының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

Жоғары