ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

01 маусым 2018, 14:50
«Астана Арена» стадионында еліміздің бас командасының алғашқы жаттығуы өтті.

Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов футболшылармен алғашқы жаттығуын өткізді. 

Бүгін басталған жиын 6 маусымға дейін созылады. 5 маусым күні Әзірбайжанмен кездесу жоспарланған.

Станимир Стоилов оқу-жаттығу жиынына 24 футболшыны шақырды. Олар «Астана», «Қайрат», «Тобыл», «Ордабасы» және «Уфа» (Ресей) футбол клубтарының ойыншылары.

Бөлісу
Жоғары