Тәжікстан U-17 құрамасы – Астана әкімі кубогының иегері

Астана қалалық футбол федерациясы ұйымдастырған жарысты Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан футбол федерациясы қолдады. Турнирге Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей және Тәжікстан елдерінен 8 команда қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, олимпиадалық резервті дайындау орталығының директоры Самат Қабдоллин және Астана қалалық футбол федерациясының вице-президенті Ахмад Амиров қатысты.
«Астана әкімінің кубогы» турнирі қорытындысы:
1. Тәжікстан құрамасы U-17
2. «Шахтер» U-17 (Қарағанды)
3. Қырғыз Республикасы құрамасы U-17
4. «СДЮСШОР №8» (Астана)
5. «Астана» U-17 (Астана)
6. «Ертіс-Д» (Тобольск, Ресей)
7. «Ертіс» U-17 (Павлодар)
8. «Қызыл-Жар СК» U-17 (Петропавл)
Турнирдің үздік ойыншылары:
Үздік қақпашы - Евгений Красин («Ертіс-Д», Тобольск)
Үздік қорғаушы - Руслан Омар («СДЮСШОР №8»)
Үздік жартылай қорғаушы - Данил Артюков (Қырғыз Республикасы U-17)
Үздік шабуылшы - Иван Свиридов («Шахтер»)
Үздік сұрмерген - Нидоёр Забиров (Тәжікстан U-17)
Үздік ойыншы - Ислом Зоиров (Тәжікстан U-17).