Қазақстан студенттер құрамасы футзалдан Әлем Чемпионатының финалына шықты

Қазақстан студенттер құрамасы футзалдан Әлем Чемпионатының финалына шықты

25 тамыз 2018, 11:48
«Almaty Arena» спорт кешенінде Қазақстан мен Португалия студенттер құрамалары арасында жартылай финалдық ойын өтті.

Португалия ойыншылары жылдам есеп ашты. Кездесудің үшінші минутында Симоес көзге түсті. Қазақстан құрамасы төрт минуттан соң таразы басын теңестірді. Гол авторы - Дәурен Тұрсағұлов.

Абреу соққан голдан кейін Португалия құрамасы қайта алға шықты. Қазақстан студенттер құрамасы үзіліске дейін есепті теңестіріп қоймай, ойында бірінші рет алға шықты. Ақеділ Мадияров пен Арнольд Кнауб гол соққан болатын.

Екінші таймда есеп өзгерген жоқ. Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, алғаш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионатының финалына жолдама алды. Қазақстан құрамасы финалда Ресеймен кездеседі. Шешуші кездесу 26 тамыз күні «Almaty Arena» спорт кешенінде өтеді. Басталуы - 16:00.

Қазақстан - Португалия - 3:2 (3:2)

Голдар: Тұрсағұлов 7, Мадияров 10, Кнауб 14 - Симоес 3, Абреу 5.

24.08.2018. Алматы.  «Almaty Arena»

Бөлісу
Жоғары