Словения U-21 құрамасы Қазақстан жастар құрамасына қарсы ойнайтын футболшыларының тізімін жариялады

Словения U-21 құрамасы Қазақстан жастар құрамасына қарсы ойнайтын футболшыларының тізімін жариялады

29 тамыз 2018, 18:17
Словения жастар құрамасының бапкері Глиха Примож 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде қыркүйек айында өтетін екі ойынға шақырылған футболшылардың тізімін атады.

Тізімге 22 футболшы енді:

Қақпашылар: Грега Сорчан («Горица»), Метод Юрхар («Целе»), Лука Янжекович («Алюминий»).

Қорғаушылар: Жига Липушек («Горица»), Горенц Станкович («Хаддерсфилд», Англия), Ожбей Кухар («Триглав»), Лука Баджык («Анкаран»), Эрик Глиха («Алюминий»), Александар Боскович («Мура»), Давид Брекало («Браво»), Тимоти Мате («Драва»).

Жартылай қорғаушылар: Деян Вокич («Заглебие Соснович», Польша), Ян Хамар («Горица»), Янез Пишек («Целе»), Яка Бийоль (ЦСКА, Ресей), Адам Гнезда Черин («Домжале»), Ян Репас («Кан», Франция), Деян Петрович, Матич Врбанеч (екеуі де – «Алюминий»).

Шабуылшылар: Мартин Крамарик, Ян Млакар (екеуі де - «Марибор»), Ален Озболт («Хартберг», Австрия).

Аға жаттықтырушы - Глиха Примож.

 

Қазақстан мен Словения жастар құрамалары арасындағы алғашқы ойын 7 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді. Қарымта кездесу 11 қыркүйек күні Словенияның Птуй қаласында өтеді.

Бөлісу
Жоғары