Қазақстан әйелдер құрамасы 2019 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңін аяқтады
В игре, которая состоялся в Павлодаре, наша сборная сыграла со сборной Англии, которая занимает четвертое место в Рейтинге ФИФА.
Ойын толықтай Англия құрамасының басымдығымен өтті. Бірінші таймда Бетани Мид пен Рейчел Дейли көзге түсті. Екінші таймда Фил Невилл шәкірттері тағы төрт гол соқты. Изобел Кристиансен мен Люси Стэнифорт есепті еселей түсті.
Қазақстан құрамасының капитаны Бегайым Қырғызбаева керемет соққысымен Карли Телфортті қапы қалдыра жаздады. Алайда, доп қақпадан сәл ғана биік кетті. Қарсыластың атағына қарамастан Рәзия Нүркенова шәкірттері бірнеше рет комбинация ұйымдастыруға тырысты. Алайда, ойыншыларға шеберлік жетіспеді.
Біздің құраманың қақпашысы Оксана Железняк бірнеше қауіпті сәтте қақпасын голдан құтқарып қалды. Кездесудің соңына қарай Бетани Мид екінші голын соғып, екінші таймда алаңға шыққан Люси Бронз ойынның нәтижесін қорытындылады.
Қазақстан - Англия - 0:6 (0:2)
Голдар: Мид 9 с пенальти, 82, Дейли 35, Кристиансен 54, Стэнифорт 66, Бронз 87
Пенальтиден мүлт кеткен: Мид 70
Ескерту: Құлмағамбетова 34, Жұмабайқызы 89, Гайстенова 90+4
Қазақстан: Железняк, Қожахмет, Бурова, Кәрібаева (Гайстенова 43), Құлмағамбетова (Бортникова 74), Қырғызбаева (к), Нұрышева, Кәрібаева, Мясникова, Жұмабайқызы, Тұрлыбекова, Власова (Вылданова 53).
Англия: Эрпс (Телфорт 67), Бланделл, Джордж, Уолш (к) (Бронз 62), Макманус, Уильямсон, Братон, Кристиансен, Дейли, Стэнифорт, Мид.
Төрешілер: Гутева, Маринова, Иванова (барлығы - Болгария)
04.09.2018. Павлодар. «Орталық» стадион.