Ильдефомс Лима: «Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушылары мықты»
- Латвиядан кейінгі команданың көңіл-күйі қалай?
- Ойыннан кейін қалыпқа келіп жатырмыз. Қиын матч болды. Енді бізді бейтаныс Қазақстан құрамасымен ойын күтіп тұр.
- Қазақстан құрамасынан қай футболшыны атап көрсете аласыз?
- Қазақстан құрамасының ойыншылары мықты. Орталық алаңда ойнайтын жартылай қорғаушыларды атап өткім келеді. Сонымен қатар, ойыншылардың физикалық дайындығы жоғары. Бойы 190 см асатын футболшылар бар.
- Ертең ойын Латвиямен өткен кездесуге ұқсас бола ма?
- Қазақстан құрамасының Латвиядан мықты екенін айтқым келеді. Алдағы ойында бар күш-жігерді сарқуға тура келеді.
- Қазақстан - Грузия матчын сараптап шыққан шығарсыз. Ойыннан қандай қорытынды шығардыңыз?
- Қазақстан құрамасының орталық алаңында мықты футболшылар ойнайтынын тағы да қайталап айтқым келеді. Ойыншылардың дене даярлығы жоғары екені көрініп тұр. Грузиямен ойыннан кейін талдау жүргіздік Бір сөзбен айтқанда, жасыл алаңда тер төгуге тура келеді.
- Андорра құрамасы қандай футбол ойнайды?
- Андорра құрамасының әрқашан қорғаныста ойнайтынын түсіну үшін сарапшы болудың қажеті жоқ. Ертең дәл осы тактиканы жалғастырамыз.