ФИФА рейтингі жаңартылды

ФИФА рейтингі жаңартылды

20 қыркүйек 2018, 16:23
Қазақстан Ұлттық құрамасы Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының жаңартылған рейтингінде екі орынға төмендеді.

Қазақстан құрамасы - 118 орында тұр. Қыркүйек айында Станимир Стоилов шәкірттері УЕФА Ұлттар Лигасында екі ойын өткізген болатын. Алғашқы кездесуде Грузия құрамасына жол берсе, екінші ойында Андорраны жеңе алмады. 

УЕФА Ұлттар Лигасындағы келесі екі ойын қазан айында өтеді. Қазақстан құрамасы 13  қазан күні сырт алаңда Латвиямен жолығып, 16 қазан күні өз алаңында Андорраны қабылдайды. 

 

Бөлісу
Жоғары