Оралда мектеп оқушыларының қатысуымен футбол фестивалі өтті
03 қазан 2018, 11:45

Футбол мерекесіне Орал қаласының орта мектептері мен «Ақжайық» футбол орталығынан 180-ге жуық бала қатысты.
Футбол орталығының жаттықтырушылары шараға үлкен үлес қосты. Олар балаларға арнайы жаттығулар өткізіп, футболдың қыр-сырын үйретті.
Шара соңында Қазақстан футбол федерациясы мен УЕФА тарапынан футбол доптары таратылды.
Жаңалықтар
02 қаз., 12:10
02 қаз., 10:33
02 қаз., 09:25