Қарағандыда ЦП футболды дамыту туралы меморандумға қол қойды
Бүгін Қарағандыда БЦП сырқатынап шалдыққан балаларда футболға баулу жөнінде меморандумға қол қойылды. Қарағанды қаласында арнайы футбол мектебі құрылмақ.
Қазақстан футбол федерациясының бастамасын «Шахтер» футбол клубы, облыстық спорт басқармасы, білім беру басқармасы, ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қолдады.
Жобаны тиімді жүзеге асыру үшін халықаралық ұйымнан (International Federation Cerebral Palsy Football - IFCPF) балаларды жаттықтыратын бапкерлерді дайындауға арнайы мамандарды шақырылмақ.
Қазақстан IFCPF халықаралық ұйымы өткен жылы мүше болды. Алғашқы жоба Алматыда басталып, 7-18 жас аралығында БЦП сырқатына шалдыққан балаларды қамтыды. Биыл екінші мәрте Қазақстан Чемпионаты ұйымдастырылды.
Анықтама:
IF CP Football (International Federation Cerebral Palsy Football) – БЦП сырқатына шалдыққан балалар арасындағы Халықаралық футбол федерациясы. Алғаш рет мұндай халықаралық жарыс 1978 жылы церебральды сал ауруы бойынша Үшінші халықаралық ойындар аясында Эдинбург (Шотландия) қаласында өтті. Дәл осы ойыннан кейін Халықаралық спорттық-рекреациялық қауымдастығы (CPISRA) құрылды, кейін 2015 жылы БЦП сырқатына шалдыққан балалар арасындағы Халықаралық футбол федерациясы болып бөлініп шықты. Ресми сайты - www.ifcpf.com.