Қазақстан әйелдер құрамасы Біріккен Араб Әмірлігінде оқу-жаттығу жиынын өткізеді
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Рәзия Нүркенова оқу-жаттығу жиынына 22 футболшыны шақырды. Олардың қатарында шетел чемпионатында ойнайтын екі футболшы бар. Ресейлік «Енисей» командасының намысын қорғайтын Аида Гайстенова мен Түркияның жоғары чемпионтында ойнайтын «Hakkarigücü Spor» клубына жақында ғана ауысқан Шохиста Ходжашева.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасына бірқатар жас футболшы алғаш рет шақырту алды. Олар – қақпашы Ангелина Портнова, қорғаушы Айша Садықова және жартылай қорғаушы Әсел Көбесова.
Ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Ирина Сандалова, Ангелина Портнова (екеуі де - «Оқжетпес»).
Қорғаушылар: Бибігүл Нұрышева («Оқжетпес»), Юлия Мясникова, Екатерина Бабшук, Мария Демидова, Александра Бурова (барлығы - «БИІК-Қазығұрт»), Құндыз Қожахмет («Жігер»), Айша Садықова (СДЮСШОР №7), Шохиста Ходжашева («Hakkarigücü Spor», Түркия).
Жартылай қорғаушылар: Бегаим Қырғызбаева («Алатау»), Карина Жұмабайқызы, Камила Құлмағамбетова, Адиля Вылданова, Светлана Бортникова, Әселхан Тұрлыбекова (барлығы - «БИІК-Қазығұрт»), Әсел Көбесова (ОСДЮСШ №2), Аида Гайстенова («Енисей», Ресей).
Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт»), Арайлым Орынбасарова («Оқжетпес»), Анастасия Власова («Алатау»).
Жаттықтырушылар штабы: Рәзия Нүркенова – бас бапкер, Айтбай Жамантаев – бас бапкердің кеңесшісі, Орынбасар Дәуренбекова – бас бапкердің көмекшісі, Александр Убыкин – қақпашылардың жаттықтырушысы, Арстанбек Баттаков - дәрігер, Айман Бейсенова - массажист, Анастасия Журавлева - менеджер, Әйгерім Құсайынова – команда басшысы.