Роман Муртазаев: «Ертең ойынды ұту қажет»

- УЕФА Ұлттар Лигасы аясында өтетін өз алаңымыздағы соңғы ойыннан не күтесіз?
- Біз тек жиналған жоқпыз. Қазақстан құрамасы – біздің басты командамыз. Алға қойылған мақсаттарды орындауды қалаймыз. Ертең ойынды ұту қажет.
- Латвия құрамасының ерекшелігі неде?
- Латвия құрамасы соңғы уақытта жақсы ойын көрсетіп келеді. Ешкімнен қорықпайды. Қазақстанмен өтетін ойында өз жоспары бар. Біздің басымдық – жанкүйерлердің қолдауы. Жанкүйерлерді жерге қаратпау үшін жақсы ойын көрсетуге ұмтыламыз.
- Қазақстан құрамасында бірнеше жылдан бері ойнап келе жатырсыз. Жақыннан бері жас футболшылар шақырыла бастады. Команда оларды қалай қарсы алады?
- Бас бапкер Станимир Стоиловтің шақыруымен жас футболшылар жылдың басынан бері команда қатарына қосылды. Олар құрамаға қажет деп санаймын. Алайда, үлкен-жас деп ешқашан бөлінбейміз. Оның үстіне ойынға қойылған жоспар барлығымызға бірдей. Жанкүйерлер жақсы ойын тамашалап, шат-шадыман болғанын қалаймыз.