Семейде мини-футболдан аймақтық турнир өтті
Турнир екі жас ерекшелігі бойынша ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушы командалардың саны – 14.
2011-12 жылғы балалар арасында жүлделі орынға ие болғандар: 3 орын - «Толағай» (Павлодар), 2 орын – «Барыс» (Өскемен), 1 орын - «Алтай»-2011 (Семей).
Турнирдің үздік ойыншылары:
Үздік қақпашы – Әлімжан Бақтақынов («Алтай»-2011, Семей)
Үздік қорғаушы – Тайыр Исламханов («Барыс», Өскемен)
Үздік шабуылшы– Елнұр Илал («Дерби», Семей)
Үздік ойыншы – Павел Волынкин («Толағай», Павлодар)
2007-08 жылғы жасөспірімдер арасында жүлделі орынға ие болғандар: 3-орын - «Семей»-1, 2-орын – «Семей»-2, 1-орын - «Цементник» (Семей).
Турнирдің үздік ойыншылары:
Үздік қақпашы – Нұрсұлтан Төлеуғазинов («Семей»-1)
Үздік қорғаушы – Әнуар Маратов («Цементник»)
Үздік шабуылшы – Артем Жилин («Семей»-2)
Үздік ойыншы – Артем Фриденталь («Цементник»)