Қазақстан мен Хорватия арасындағы екінші ойында жеңімпаз анықталмады
Қазақстан құрамасы Хорватиямен өткен екінші ойында қарсыластың қақпасына бірнеше рет қауіп төндірді. Алайда, Дуглас пен Шыңғыс Есенамановтың соққылары қақпа торына дарымады. Азат Валиуллин мен Серік Жаманқұловтың да мүмкіндіктері болған еді. Бірақ, Хорватия құрамасының қақпашысы Зоран Примич үздік ойын көрсетті. Кездесу соңына дейін есеп ашылмай, қос қарсылас тең тарқасты.
Қазақстан - Хорватия - 0:0 (0:0)
Қазақстан: Игита (Қ), Байралиев (Қ), Сүлейменов (К), Жаманқұлов, Оразов, Тұрсағұлов, Дуглас, Есенаманов, Иманалин, Пиялы, Валиуллин.
Бас бапкер - Пауло Рикардо Фигейро Силва
Хорватия: Лукетин (Қ), Примич (Қ), Дюраш, Еловчич (К), Перич, Перишич, Чеколь, Косор, Казазич, Сутон, Матийя, Мартинач, Чорлука, Хорват.
Бас бапкер - Мато Станкович
02.02.2019. Алматы, «Зенит» спорт кешені. 600 жанкүйер.