Оралхан Өміртаев: «Ұлттық құрамаға әрқашан қажет болғым келеді»
- Оралхан, оқу-жаттығу жиыны бірнеше күнге созылды. Осы уақыт аралығында қандай жұмыстар атқарылды?
- Күніне екі рет жаттығу жасадық. Теориялық дәріске көп көңіл бөлінді. Бапкерлер жаңа жүйемен қалай ойнау қажет екенін айтты. Михал Билек не қалайтынын түсіндірді. Қызықты әрі пайдалы жаттығулар деп есептеймін.
- Бас бапкердер шабуылшыларға қойылған нақты талаптар бар ма?
- Негізінен командалық дайындық жүріп жатыр. Жеке тапсырмалар жоқ. Бапкерлер шабуылшыларға, жартылай қорғаушыларға және қорғаушыларға бөлек түсіндіреді.
- Ертең Қазақстан мен Молдова құрамалары жолдастық матч өткізеді. Ойын туралы қандай ой келеді?
- Ұлттық құраманың жаңа маусымдағы алғашқы ойынын асыға күтеміз. Жанкүйерлер үшін жеңіске жетіп, жаңа маусымды жақсы көңіл-күймен бастауды қалаймыз.
- Ұлттық құрамада өз алдыңа қандай мақсат қоясыз?
- Әрине, ұлттық құраманың жақсы ойын көрсеткенін қалаймын. Ұлттық құрамаға әрқашан қажет болғым келеді. 2020 жылғы Еуропа Чемпионатында біздің топтың қарсыластарына лайықты қарсылық көрсеткіміз келеді.
- Михал Билек бірнеше тәжірибелі шабуылшыларды шақырды. Олар - Алексей Щеткин, Роман Муртазаев және Бауыржан Тұрысбек. Бәсекелестіктен қорықпайсың ба?
- Аталған шабуылшылардың барлығының тәжірибесі мол. Жаттығуда ақыл-кеңестерін айтып, көмектеседі. Бір-бірімізбен жақсы араласамыз. Әр футболшы өз ісімен айналысады. Ал, ең үздігін бас бапкер таңдайды деп ойлаймын.
- 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластар туралы не ойласыз?
- Маңызды турнир. Салмақты қарсыластар. Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде қарапайым қарсылас жоқ. Іріктеу сынында жақсы нәтиже көрсетуге ұмтыламыз. Топтағы әр ойынға жақсылап дайындалу қажет.