Қазақстан әйелдер құрамасы Түркіменстанды ірі есеппен ұтты

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде 6:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын Түркияның Алания қаласында өткен болатын. Адиля Вылданова хет-трик автор атанса, Камила Құлмағамбетова дубль жасады. Тағы бір голды шабуылшы Сәуле Кәрібаева соқты.
Қазақстан W - Түркіменстан W - 6:0 (5:0)
Голдар: Вылданова 6, 22, 33, Құлмағамбетова 17, 57, Кәрібаева 25
Қазақстан құрамасы 1-тайм: Железняк, Бабшук, Орынбасарова, Нұрышева, Қожахмет, Жұмабайқызы, Гайстенова, Вылданова, Құлмағамбетова, Бортникова, Кәрібаева.
Қазақстан құрамасы 2-тайм: Портнова, Жақсымбай, Қожахмет, Аруова, Демидова, Хайрулина, Гайстенова, Вылданова, Құлмағамбетова, Тұрлыбекова, Орынбасарова.
24.02.2019. Алания, Түркия.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық турнирдегі алғашқы ойынын 27 ақпан күні Франциямен өткізеді.