Қазақстандық төрешілер Еуропа Чемпионатының ойындарында қызмет атқарды

Қазақстандық төрешілер Еуропа Чемпионатының ойындарында қызмет атқарды

11 сәуір 2019, 16:41
Қазақстандық төрешілер Эльвира Нұрмұстафина (Теміртау) мен Елена Алистратова (Қостанай) футболдан 19 жасқа дейінгі қыздар арасында 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының Элиталық кезеңінің ойындарына төрелік етті. 

Ойындар 3-9 сәуір аралығында Бельгияда өткен болатын. Қазақстандық төрешілер қызмет атқарған топта Бельгия, Швейцария, Финляндия және Польша құрамалары ойнады. Біздің төрешілер Бельгия-Швейцария (2:0), Швейцария-Польша (2:1) және Польша-Бельгия (2:2) ойындарына қазылық етті. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары