Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА Даму Кубоына қатысты

Қазақстан құрамасы турнирде үш ойын өткізді. Алғашқы ойында Беларусь құрамасына есе жіберіп, қалған екі ойында Молдова және Соломон аралдары құрамаларын матч соңындағы пенальти сериясында ұтты.
Ойын нәтижелері:
Беларусь U-17 - Қазақстан U-17 - 2:0 (2:0)
Голдар: Арсений Галушко 14 - пенальти, Юлий Кузнецов 35.
Қазақстан U-17 - Молдова U-17 - 0:0 (0:0). пен.серия 4:3.
Қазақстан U-17 – Соломон аралдары U-17 - 2:2 (1:2). пен.серия 4:3.
Голдар: Ғалымжан Кенжебек 23, 78 - Рафаэль Леаи 26, 37.
Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Никита Пивкин, Темірлан Анарбеков (екеуі де - «Қайрат»), Ақай Сарбағышев («Оңтүстік»);
Қорғаушылар: Арсен Азатов, Александр Широбоков, Егор Ткаченко (барлығы - «Қайрат»), Шыңғыс Дихан, Асқар Сатышев, Нұртас Иманғалиев, Руслан Ташметов (барлығы - «Оңтүстік»), Сүлейман Абилов («Антальяспор», Түркия);
Жартылай қорғаушылар: Жаннур Көкеев, Диас Құшқынбаев, Роман Чирков, Нұргелді Төлеуханов (барлығы - «Қайрат»), Аслан Кеңес, Әсет Кончиев, Құдайберді Нарқұлов (барлығы - «Оңтүстік»), Данил Сомов («Ақтөбе»);
Шабуылшы: Абзал Қалау («Оңтүстік»), Ислам Русланұлы («Ақтөбе»), Әлішер Рақымжанов, Кирилл Лавренюк, Ғалымжан Кенжебек (барлығы - «Қайрат»);
Жаттықтырушылар штабы: Алмас Құлшынбаев - аға жаттықтырушы, Айдар Күмісбеков - аға жаттықтырушының көмекшісі, Марат Еслямов - аға жаттықтырушының көмекшісі, Николай Родионов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Ахмадхон Искандаров - дәрігер, Станислав Ведлер - массажист, Рүстем Сералиев - менеджер.