Михал Билек Қостанайға барды
23 мамыр 2019, 09:45
Фото: «Тобыл» ФК баспасөз қызметі
Олар Қостанай қаласындағы Орталық стадион және «Тобыл Арена» кешенімен танысты. Сонымен қатар, Қазақстан Кубогының жартылай финалында жолыққан жергілікті «Тобыл» мен қызылордалық «Қайсар» арасындағы тартыстың алғашқы ойынын тамашалады. Кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан Ұлттық құрамасы маусым айында 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің екі ойынын өткізеді. 8 маусым күні Билек командасы Брюссельде Бельгиямен ойнаса, 11 маусым күні «Астана Арена» стадионында Сан-Марино құрамасын қабылдайды. Михал Билек Қазақстан құрамасына шақырылған футболшылардың тізімін 27 мамыр күні жариялайды.
Жаңалықтар
20 мам., 17:00
20 мам., 11:32
17 мам., 11:15