Қазақстан жастар құрамасы ойынның соңғы минутында жеңісті жұлып алды

Біздің команда үшінші минутта өз қақпаларына гол жіберіп алды. Черногория сапынан көзге түскен Мерис Скендерович. Алайда, екінші таймда Қазақстан құрамасы қарқынды шабуылдап, жеңісті жұлып алды. Ойынның 62-минутында Еркебұлан Сейдахмет таразы басын теңестірсе, матчтың соңғы минутында Рамазан Кәрімов жеңіс голын соқты.
Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда екі ойын өткізіп, 6 ұпай жинады.
Черногория U-21 - Қазақстан U-21 - 1:2 (1:0)
Голдар: Скендерович 3 - Сейдахмет 62, Кәрімов 90+4
Ескерту: Вучичевич 56 — Алип 56, Прокопенко 88
Черногория U-21: Царевич, Рашо (Мердович 37), Маркович, Баранович, Крстович Н., Вукотич, Крнич (Стиепович 63), Дринчич, Кордич (Миличкович 46), Скендерович (Секулич 74), Вучичевич
Қазақстан U-21: Сейсен, Сағнаев, Орынбасар, Адахаджиев, Наджарян, Сейдахмет (Прокопенко 85), Бахтияров (Бачек 60), Пайруз, Әліп, Өміртаев (Кәрімов 60), Тұрсынбай
Төрешілер: Круашвили, Варамишвили, Эликашвили, Кикашейшвили (баплығы - Грузия)
11.06.2019. Подгорица, стадион Градски.