«БИІК-Қазығұрт» қыздары сырт алаңда «Андерлехтпен» тең ойнады
Шымкенттік команданың жартылай қорғаушысы Алина Литвиненко пенальтиден гол соғып, есеп ашқан еді. Алайда, алаң иелері Бритт Ванхамел голымен таразы басын теңестірді. Қарымта ойын 25 қыркүйек күні Шымкент қаласында өтеді.
УЕФА Чемпиондар лигасы, 1/16 финал, бірінші матч
«Андерлехт» - «БИІК-Қазығұрт» - 1:1 (0:0)
Голдар: Ванхамел 71 - Литвиненко 53 - пенальти;
Ескерту: Рус 55 - Құлмағамбетова 19;
Алаңнан қуылған ойыншы: Рус 66;
«Андерлехт»: Одер, Ванхамел, Меркирс, де Кеньи, ван Горп, Денев, Вэтафу, Вейнантс (Дики 62), Делоосе (Рус 46), Абдюлай-Толоба, Тиссо;
«БИІК-Қазығұрт»: Железняк, Чебел, Бабшук (Зулу 67), Габелия (Холден 85), Құлмағамбетова (Реубен 90+2), Литвиненко, Маккарти, Кундананджи, Роуз, Илич, Денесик;
Төрешілер: Уэлч, Мэсси, Берн, Мерриот (барлығы - Англия);
12.09.2019. Констант Ванденсток, Брюссель.