Қазақстан футбол федерациясы маусымды қорытындылады

Қазақстан футбол федерациясы маусымды қорытындылады

11 қараша 2019, 22:52
Марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

Номинация жеңімпаздары:

Қыздар футболы

Үздік сұрмерген – Адиля Вылданова («БИІК-Қазығұрт», 26 гол)

Үздік бапкер – Калоян Петков («БИІК-Қазығұрт»)

Үздік ойыншы - Адиля Вылданова («БИІК-Қазығұрт»)

 

Жағажай футболы

Үздік сұрмерген – Баянбек Муралинов («Арман», 17 гол)

Үздік бапкер – Болат Аленов («Арман»)

Үздік қақпашы – Виктор Чорный («Арман»)

 

Футзал

Үздік сұрмерген – Эвертон («Жетісу», 33 гол)

Үздік бапкер – Рикардо Кака («Қайрат»)

Үздік ойыншы – Қайрат Иманалин («Ақтөбе»)

 

Екінші лига

Үздік сұрмергендер – Матвей Герасимов («Шахтер М») және Арсен Елемесов (СДЮШОР №8) – 17 голдан.

Үздік бапкер – Фархадбек Ирисметов («Қыран М»)

Үздік ойыншы – Матвей Герасимов («Шахтер М»)

 

Бірінші лига

Үздік сұрмерген – Айдос Тәттібаев («Каспий», 19 гол)

Үздік бапкер – Әли Әлиев («Қызыл-Жар СК»)

Үздік ойыншы – Айдос Тәттібаев («Каспий»)

 

Премьер-лига

Үздік қақпашы – Дмитрий Непогодов («Ордабасы»)

Үздік қорғаушы – Дмитрий Шомко («Астана»)

Үздік жартылай қорғаушы – Бауыржан Исламхан («Қайрат»)

Үздік шабуылшы – Абат Айымбетов («Ақтөбе»)

Үздік сұрмергендер – Адеринсола Эсеола («Қайрат») және Марин Томасов («Астана») – 19 голдан.

Үздік ойыншы – Марин Томасов («Астана»)

Үздік бапкер – Стойчо Младенов («Қайсар»)

 

Маусымның үздік голы – Тоқтар Жаңғылышбайдың («Ордабасы») «Астана» қақпасына соққан голы.

 

Қазақстан Ұлттық құрамасының үздік ойыншысы – Бауыржан Исламхан

 

Арнайы номинациялар:

Әйелдер футболы мен оның инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін – БИІК компаниясының президенті Әбдубайытов Бауыржан Тойшыбекұлы; 

Әйелдер футболын дамытуға қосқан үлесі үшін – Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Бегайым Қырғызбаева;

Әуесқой футбол мен инфрақұрылымның дамуына қосқан үлесі үшін – Нұр-Сұлтан қаласының «Сайран Арена» директоры Қожахметов Талғат Сайранұлы;

Футзалды дамытуға қосқан үлесі үшін – футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Серік Жаманқұлов;

Футзалды дамытуға қосқан үлесі үшін – футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов;

Балалар және жасөспірімдер футболы мен инфрақұрылымының дамуына қосқан үлесі үшін – «Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесі төрағасы Боранбаев Қайрат Советайұлы;

Қазақстан футболын дамытуға қосқан үлесі үшін – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Есімов Ахметжан Смағұлұлы;

Қазақстан футболын дамытуға қосқан үлесі үшін – Қазақстан Ұлттық құрамасының экс-қақпашысы Давид Лория;

Қазақстан футболын дамытуға қосқан үлесі үшін – Қазақстан Ұлттық құрамасының экс-капитаны, «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Смақов.

Бөлісу
Жоғары