Видео: Жағажай футболының жарысы үш елдің аумағын қамтиды
Қазақстан Футбол федерациясының кеңсесінде Жағажай футболынан еуразиялық лига (EALB) жарысына қатысушы елдердің өкілдері бас қосты.
Алғаш рет турнир 2016 жылы ұйымдастырылды. Сол жылдан бастап Павлодар қаласының «Арман» жағажай футбол клубы тұрақты қатысып келеді.
Жағажай футболынан еуразиялық лиганың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
EALB-2016: 1. «Джокер» (Новосібір, Ресей); 2. «Арман» (Павлодар, Қазақстан); 3. ТГК (Томск, Ресей)
EALB-2017: 1. «Курганприбор» (Қорған, Ресей); 2. «Джокер» (Новосібір, Ресей); 3. «Арман» (Павлодар, Қазақстан)
EALB-2018: 1. «Джокер» (Новосібір, Ресей); 2. «Арман» (Павлодар, Қазақстан); 3. ТГК (Томск, Ресей)
EALB-2019: 1. «Джокер» (Новосібір, Ресей); 2. «Арман» (Павлодар, Қазақстан); 3. ТГК (Томск, Ресей).
Биылдан бастап жағажай футболының бесінші маусымына Қырғыз Республикасының командасы қатысады. Ойындар үш елдің аумағын қамтиды.
Қатысушы командалар: «Арман» (Павлодар), «Джокер» (Новосібір), «АлтайСоккер» (Барнаул), ТГК (Томск) және Қырғыз Республикасының Ұлттық құрамасы.