Джанни Инфантино: «Біз әдемі ойынымыздың барлық қатысушыларын қорғауымыз керек»

Джанни Инфантино: «Біз әдемі ойынымыздың барлық қатысушыларын қорғауымыз керек»

17 наурыз 2020, 16:30
FIFA президенті Джанни Инфантино футбол қауымдастығына үндеу тастады.

Құрметті достар!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирус инфекциясын пандемия деп жариялағанын білесіздер.

Мұндай жағдайда біз жанкүйерлерді, ойыншыларды, жаттықтырушыларды және біздің керемет ойынымыздың барлық қатысушыларын қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек.

Қазір ең бастысы, футбол жетекшілері вирустың таралуына жол бермеу үшін барлық күш-жігерін салуда.

ДДҰ-мен серіктестікте біз COVID-19 індетінің таралуын бақылау жөніндегі практикалық ұсыныстар мен шаралар туралы хабардар болуға бағытталған бастамаларды қолға аламыз.

Осы негізгі хабарламаларды жіберу және тарату үшін барлық деңгейлерде пайдалануға кеңес беремін.

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын-алу және жалпы сақтық шаралары бойынша ұсыныстары:

  • Қолыңызды жиі жуыңыз және зарарсыздандырыңыз, әсіресе тамақтану алдында және адамдармен қарым-қатынастан кейін.
  • Бетіңізге, әсіресе көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға қолыңызды тигізбеңіз. Бұл вирустың денеңізге енуіне жол бермейді.
  • Жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды бір реттік сүлгімен жауып, қолданғаннан кейін жақын қоқыс контейнеріне қалдырыңыз.
  • Адамдармен қарым-қатынаста, әсіресе жөтел, мұрын немесе қызба сияқты вирустың белгілері бар адамдармен жақын жерде (1 метрден) алыс болыңыз.
  • Егер сіз ыстық немесе басқа сырқат белгілерін байқасыңыз, үйде болыңыз.

Әлемдік футбол қауымдастығы қауіп-қатерге қарсы тұрып, бірлігін нығайту түсу қажет. Қауіп бұлты сейілгеннен кейін, мұндай зардаптарға жол бермей және оларды жоюды жолдарын табу керек.

Бұл мәселеге барлығымыз да баса мән беріп, жауапкершілікті ұмытпай, сабырлы болғанымыз абзал.

Осы қиын кезеңде ФИФА барлық мүдделі тараптармен үнемі байланыс орнатып, ортақ шешім табуға тырысады.

Біріншіден, денсаулық пен спорттық ынтымақтастық маңызды шешімдерді қабылдайтын негізгі қағидаттардың бірі.

Спорт, оның ішінде футбол әлемдегі жағдайды қалпына келтіруде үлкен рөл атқара алатындығына сенімдіміз.

Қиын жағдайлар адамдарды біріктіріп, олардың бірге күшті екенін көрсетеді.

Өзіңізге қамқор болыңыз және бір-біріңізге қамқорлық жасаңыз!

 

Құрметпен,

Джанни Инфантино

Бөлісу
Жоғары