Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков кәсіби футбол төрешілерімен кездесуі өткізді
Басқосуға Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жетекшілері, сонымен қатар ел чемпионатының алдағы турының ойындарына тағайындалған төрешілер корпусының өкілдері қатысты.
Бүгінде ел чемпионатының ойындары «Алматы/Талғар» локациясында өтетіні белгілі.
Әділбек Жақсыбеков ұлттық чемпионатты қайта жалғастыру жолында Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының қызметкерлерінің атқарған маңызды жұмыстарына, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі, Коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қолдауына да баса назар аударды.
Әділбек Жақсыбеков спорт түрлерінің арасынан ең бірінші болып футболдың отандық ареналарға оралғанын атап өтіп, екінші жағынан жоғары жауапкершілікті талап ететінін атап өтті.
Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Сергей Кенетаев маусымның қайта жалғасуына орай төрешілердің дайындығы туралы айтып берді. Қазіргі уақытта алдағы матчтарда қызмет етуге шақырылған барлық төрешілер Қазақстан ұлттық құрамаларының оқу-жаттығу базасында орналасқан.
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков ұйымдастыру комитеті мен төрешілердің жұмысын жіті қадағалайтындардың арасында ойындарды республикалық телеарнадан тікелей эфирде бақылап отыратын жанкүйерлер тобының барын айтты.
Қорытындылай келе, Әділбек Жақсыбеков футболдан OLIMPBET-Қазақстан Республикасының чемпионатының қатысушыларына, төрешілер мен жарысты ұйымдастыратын қызметкерлерге сәттілік тіледі.