ҚФФ басшысы Әділбек Жақсыбеков төрешілер мен инспекторлардың жоғары жауапкершілігіне назар аударды

ҚФФ басшысы Әділбек Жақсыбеков төрешілер мен инспекторлардың жоғары жауапкершілігіне назар аударды

16 қыркүйек 2020, 20:30
Қазақстан футбол федерациясының президенті мен ҚФФ Төрелік ету және қадағалау департаментінің басшысының жиыны өтті.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік сараптамалық комиссиясының жұмысына тоқталды.

Төрешілік сараптамалық комиссиясы төрешілердің даулы шешімдеріне талдау жасап, бағасын береді.

ҚФФ Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Сергей Кенетаев ұлттық чемпионаттың қайта жалғасқаннан кейінгі жұмыс тәртібін мәлімдеді.

«Ел чемпионатының жарыстары жалғасқан кейін Төрешілік сараптамалық комиссиясының жұмысын бастады.  Төрешілер қабылдаған даулы шешімдер онлайн-конференция форматында ұйымдастырылып, қорытынды жылдам шығарылады. Комиссияның жұмысына тәуелсіз сарапшылар мен футбол ардагерлері шақырылады. OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының биылғы маусымында жетпіске жуық даулы сәттер талданды. Чемпионат бір аумақта өтіп жатқандықтан, төрешілер де бір жерге шоғырланған. Төрешілік сараптамалық комиссиясының қорытындысы бойынша жиі жиын өтеді. Әрі қарай түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ел чемпионаты мен бірінші лига ойындары қарсаңында төрешілердің оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып, теориялық семинарлар жүргізілді. Инспекторлар ішкі және халықаралық форумдарға қатысты. Чемпионат қарсаңында оларға ФИФА, УЕФА және ҚФФ нұсқаушылары ойын ережесіндегі соңңы өзгерістерді түсіндірді», - дейді ҚФФ Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Сергей Кенетаев.


«Төрешілер мен инспекторлардың жұмысы жіті қадағаланады. Алайда, қате жіберген төрешілердің жұмысына лайықты баға берілуі міндет. Төрешілерді жазалау арқылы олардың жұмысын сарапшылар тобы үнемі бақылауда ұстайтынын жеткізу керек. Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ел чемпионаты мен біріншіліктерінің тікелей көрсетілімін жүргізеді. Төрешілердің жұмысын қоғамдық пікір қалыспастырады. Бұл жағдай төрешілерге жауапкершілікті жүктей түседі. Ел чемпионатындағы үзілістен қатысушылардың бабында емес екені байқалды. Бұл мәселе төрешілер корпусынап да қатысты. Алайда, төрешілердің қателік жіберуге ешқандай құқығы жоқ. Әр күмәнді шешім мұқият талдауды талап етеді», - дейді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков.

Бөлісу
Жоғары