Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жоспарлы жаттығуынан фоторепортаж
Біздің жігіттер жақында Еуропа чемпионатының жаңа іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді.
Венгрия құрамасы Нұр-Сұлтанда өтетін ойында қарсылас болмақ.
Қорғаушы Дуглас Негрейрос кеше Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына қосылды.
Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы Леонардо Игита ертең келеді.
Екі ойыншы да клуб дәрігерлерінің бақылауында болып, жарақаттарын емдеді.
Португалияның «Спортинг» командасында ойнайтын шабуылшы Тайнан жарақат алып, алдағы ойынға келе алмайтын болды.
Бұған дейін қорғаушы Қайрат Иманалин мен шабуылшы Леонардо Мендонканың жарақат алғаны белгілі болған еді.
Қазақстан құрамасының ойыншылары алдағы ойынға тас-түйін дайын және жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салмақ.
Команданың жаттығуы мен көңіл-күйін фотогалереядан тамашалай аласыздар.
Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ