Қазақстан U17 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып Кирилл Морунов тағайындалды

Қазақстан U17 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып Кирилл Морунов тағайындалды

20 қаңтар 2021, 20:30
Футбол үйінде еліміздің 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды.

Жаңа іріктеу кезеңінде қазақстандық жасөспірімдерді Кирилл Морунов дайындайды.

Ол «Цесна» және «Жетісу» футбол клубтарында ойнаған.

Бапкер қызметінде алматылық «Қайраттың» әртүрлі жастағы жасөспірім командаларын жаттықтырды.

2013 жылы «Қайрат» футбол клубының академиясының бапкерлер корпусының құрамына енді.

14, 15, 16 және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер командаларын, сонымен қатар «Қайрат-Жастар» командасын баптады.

2018 жылы 15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған болатын.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары