Талғат Байсуфинов: «Украинаның қос қапталы қауіпті»

Талғат Байсуфинов: «Украинаның қос қапталы қауіпті»

31 наурыз 2021, 01:01
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Украинамен болатын ойынға дайындық туралы айтты.

– Біздің барлық ойыншылар дайындық үстінде. Франциямен болған ойыннан кейін қайта өзгертулер болады деп айттым, өйткені бізге жоғары деңгейде екі матч өткізу керек. Жігіттер бәріне түсіністікпен қарайды. Түзетулер болады. Олар Франциямен болған ойынға тікелей байланысты болмақ. Жігіттердің жағдайы жақсы, барлығы осы ойынға дайындалуда, олар барлық жауапкершілікті түсінеді.

– Психологиялық тұрғыдан, бұл ойын Қазақстанға сәл оңай болады деп айтуға бола ма? Өйткені, Украина Финляндиямен болған матчтан кейін үлкен қысымға ұшырады.

– Франция мен Украина құрамалары біздің топтың фавориті екеніне келісемін. Мен бұл жағынан ешқандай артықшылық көріп тұрған жоқпын, өйткені Украина құрамасы өте жақсы, тегеурінді команда. Менің ойымша, олардың құрамында білікті ойыншылар көп, ал футболшылардың сергектігі бойынша артықшылық болмауы керек.

Біздің бір ойын азырақ ойнағанымызды да ескеру қажет... Егер құрамда көп ойыншы болса, Украинаның бапкерлер штабы физикалық жағдайы жақсы ойыншыларды алаңға шығарады. Мен ешқандай артықшылық көріп тұрған жоқпын.

– Сіз Украинада коронавирусқа қосымша тест тапсырдыңыз. Нәтижелері шықты ма және қазақстандық делегация мүшелерінің барлығы бұл індеттен аман ма?

– Қазақстанда біртүрлі жағдайлар орын алды. Қазіргі уақытта бізде тестілеуден өткен, немесе бір себептермен осында келе алмаған барлық адамдар ПТР-тесттерінің жауаптарын алып қойды, барлығы да теріс нәтиже көрсетті. Бүгін таңертең біздің команда Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен Украина аумағында ПТР-сынақтан қайта өтті. Біріншіден, бұл жеке сенімділік үшін жасалды, сондықтан біздің командаға ешқандай шағым болмады. Біз ПТР тесттерінің нәтижелерін алдық, барлық нәтижелер теріс, барлығы сау. Менің ойымша, біз Украинаға құрметпен қарадық және бізге ешқандай шағым болмауы керек. Біз де осы мәселеге алаңдадық, бірақ әлемдегі жағдай осындай, бұл барлық адамзаттық нормаларға сәйкес жасалуы керек.

– Украина құрамасы соңғы матчтарда үш орталық қорғаушымен ойнады. Украина ертеңгі ойында қандай ойын схемасын қолданады деп ойлайсыз?

– Бізде қайта құрылымдау кезеңі жүріп жатыр, бізде жаңа ойыншылар да бар, ұлттық құрамаға көптен бері шақыртылмаған футболшылар да бар. Соңғы екі маусымда ойнаған негізгі ойыншыларымыз қатардан шығып қалды. Біз өткен жылдары үш орталық қорғаушымен ойнадық. Менің ойымша, бұл біздің жігіттерге түсінікті. Менің ойымша, көптеген ұлттық құрамалар қазір осы схеманы пайдалануда.

Украина командасының қос қапталдағы жартылай қорғаушылары физикалық тұрғыдан өте жақсы дайындалған. Егер тарихқа көз жүгіртсек, онда киевтің «Динамосында» және осы команда негізінде құрылған КСРО ұлттық құрамасы да қос қапталда өнер көрсететін ойыншыларды жақсы пайдаланды. Мысал ретінде Демьяненконы айтсақ болады. Менің ойымша, Украина қос қапталдағы белсенді жартылай қорғаушылармен өзіндік ойын стилін қалыптастырған, біз бұған да назар аудардық.

Бөлісу
Жоғары