UEFA бапкерлік лицензияларын жыл сайын ұзарту курстарын өткізу туралы хабарландыру

UEFA бапкерлік лицензияларын жыл сайын ұзарту курстарын өткізу туралы хабарландыру

18 мамыр 2021, 18:56
Қазақстан футбол федерациясының техникалық орталығы "В", "А", "Pro" санаттары бойынша UEFA бапкерлік лицензияларын жыл сайын ұзарту курстарын өткізетіндігін хабарлайды.

Курстарға 2020 жылдың желтоқсанында және одан бұрын аяқталған лицензиясы бар лицензияланған жаттықтырушылар жіберіледі.

Қатысуды растау үшін 2021 жылғы 21 маусымға дейінгі мерзімде келесі құжаттар жиынтығын ҚФФ техникалық орталығының emai-ына (tc@kff.kz) жіберу қажет:

  • курсқа қатысу туралы өтініш (ҚФФ сайтындағы үлгі өтініш - сілтеме);
  • жеке куәліктің сканерленген көшірмесі;
  • UEFA дипломы мен лицензиясының сканерленген көшірмесі;
  • фотосурет 3х4-2 дана. электронды түрде;
  • лицензияны ұзарту үшін төлем туралы түбіртек.

"В-UEFA", "А-UEFA", "PRO-UEFA" аттестациялық деңгейін растауға тапсырма (UEFA бапкерлік лицензияларын ұзартатын жаттықтырушылар үшін):

  1. Жаттықтырушының қысқаша өмірбаяны және профилі.
  2. Негізгі принциптер мен философия.
  3. Кәсіби қызметтегі мақсаттары мен міндеттері (ұзақ мерзімді).
  4. Сіздің командаңызды жоспарлау және оқыту бағдарламасы (ұсыну).
  5. Футболшылар мен команданың жағдайын талдау әдістері.
  6. Футболшылардың дамуын бақылау әдістері мен құралдары.
  7. Негізгі командамен немесе клубпен байланыс және жас ойыншылардың интеграциясы.
  8. Бүгінгі таңда дайындықтағы басымдықтар.
  9. Тренер журналын ұсыну (өз жұмысы бойынша аналитикалық материал – бейне кесу, аналитикалық есептер, болашақ қарсыласты талдау және т.б.).

Курсқа қатысу құны:

- "Pro" санатындағы лицензия-120 000 теңге

- "А" санатындағы лицензия-100 000 теңге

- "В" санатындағы лицензия-80 000 теңге.

Курсқа қатысу үшін ақы төлеу мыналарды қамтиды: нұсқаушыларға, оқытушыларға ақы төлеу, практикалық сабақтарға арналған футбол алаңын жалға беру, теориялық сабақтарға арналған сыныптарды жалға беру, кеңсе тауарлары, ауыз су, кофе-брейк және жаттықтырушы лицензияларын дайындау.

Курсқа қатысушыларды тамақтандыру және орналастыру қатысушылардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

«Қазақстан футбол федерациясы» Ассоциациясы» ЗТБ.

БСН 070340000032

СТТН 150 100 252 472

ЖСК KZ0496503F0008987260,

БСК IRTYKZKA, КБЕ 18

«Forte Bank» АҚ

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бауыржан Момышұлы даңғылы 5а (Футбол үйі).   

Анықтама телефондары: +7 (777) 549-78-13; +7 (707) 231-30-88; +7 (707) 501-15-35; +7 (701) 270-88-56; +7 (777) 130-33-33

Лицензияны ұзартуға қойылатын талаптар көрсетілген толық ақпарат, бағдарлама, өткізу уақыты мен орны ҚФФ сайтында жарияланады техникалық орталық бөлімінде барлық өтінімдерді алғаннан кейін, 2021 жылдың 28 маусымынан кешіктірмей.

Бөлісу
Жоғары