Қазақстан ұлттық құрамасының үш ойыншысы жарақат алды
06 қыркүйек 2021, 16:20
Қазақстан – Украина матчынан кейін Руслан Валиуллин мен Марат Быстров жарақат алғаны белгілі болды. Медициналық тексерістен кейін олардың Босния құрамасына қарсы матч өткізуі неғайбыл болып отыр. Марат Быстровтың өкшесі қатты зақымдалған. Ал Руслан Валиуллиннің сіңірі созылып кеткен.
Финляндия - Қазақстан матчы кезінде Абат Айымбетов иығын жарақаттап алған. Бұл жарақат осыған дейін де шабуылшыны мазалап жүрген еді.
Аталған үш ойыншының ертеңгі матчта алаңға шығуы белгісіз болып тұр. Команда дәрігері ертең ойын алдында нақты шешімін айтады.
Жаңалықтар
04 қыр., 14:19
01 қыр., 13:51
31 там., 22:10