Дәурен Тұрсағұлов: «Бапкеріміз бірінші таймнан кейін бізге допты ұзақ ұстамауымызды сұрады»

Дәурен Тұрсағұлов: «Бапкеріміз бірінші таймнан кейін бізге допты ұзақ ұстамауымызды сұрады»

16 қыркүйек 2021, 18:22
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында екі матчта жеңіске жетті. Алдымен Коста-Рика ойыншыларын 6:1 есебімен ұтса, Литва командасының қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Қорытынды есеп 3:0. Осы орайда құрама ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов Vesti.kz тілшісіне литвалықтармен өткен кездесу жайлы пікір білдірді.

«Литвамен кездесуде жеңіске жетіп, өз жоспарымызды орындадық деп ойлаймын. Соған қарамастан, литвалықтар өз жанкүйерлерінің алдында ойнағандықтан бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Біз мұның барлығына дайын болдық. Бапкеріміз бірінші таймнан кейін бізге допты ұзақ ұстамауымызды сұрады. Себебі қарсыластарымыз ірі денелі, ұзын екендігін ескертті. Енді топтағы үшінші матч Венесуэла құрамасына қарсы өтеді. Қазірден бастап олардың әлсіз және мықты тұстарын зерттеп жатырмыз», - деді Тұрсағұлов.


 

Бөлісу
Жоғары