Жартылай финалдағы сұрапыл тартыс

Жартылай финалдағы сұрапыл тартыс

01 қазан 2021, 14:39
Жартылай финал. Португалия мен Қазақстан. Төрткүл дүние көз тіккен ойын.

Төреші ысқырығы естілген сәттен Қазақстан құрамасы алғап лап қойды. Төреші біздің ойыншылардың шабуылын тоқтатты. Фол екен. 

Үшінші минутта Қазақстан ойыншылары сұмдық шабуыл ұйымдастырды. Біржан Оразовтың гол соғуына Дәурен Тұрсағұлов пен Шыңғыс Есенаманов көмектесті. Алайда, Португалия бас бапкері VAR көмегіне жүгініп, алғашқы гол саналмады. 

Алғашқы таймда ойынның ырғағы өзгермеді. Екі тарап қорғанысты ұмытпай, шабуылдауға тырысты. Тайнанның құлаштай жатып тепкен добы қақпа маңдайшасынан кері қайтты. Біржан Оразовтың кезекті соққысын да қақпа бағанасы қайтарды.

Төреші таймның соңына қарай сары қағазын біздің Біржанға көрсетті.  Үзіліс. Есеп ашылмады. 

Екінші таймның басында Португалияның тәжірибелі ойыншысы Варела гол соғып, қарсылас қорғанысқа көшті. Қазақстан толықтай қарсыластың айып алаңына ауысты. Рикардо Кака шәкірттері Португалия қақпасына толассыз шабуылдар ұйымдастырды. Біздің қақпашы Игита шабуылға араласып, қарсыластың қорғанысын тығырыққа тіреді. Сондай сәттердің бірінде Игита бағыттаған доп тағы да қақпа маңдайшасынан қайтты. 

Уақыт сырғып барады. Біздің бапкер қақпашы Игитаның орнына бесінші ойыншы Дәурен Нұрғожинді шығарды. Ойынның аяқталуына 45 секунд қалды. Дәл осы сәтте Дәурен Нұрғожин Дугластың тамаша пасын голға айналдырып, таразы басын теңестірді - 1:1. Ойын аяқталған жоқ. 

Экстра-тайм. Қазақстан құрамасы бірден алға шықты. Дуглас айып соққысын керемет орындады. Әрі қарай Біржан Оразовтың қақпашымен бірге-бір шығып бара жатқан жерінде тағы да төреші ысқырығы естілді. Тағы да фол. Қазақстан қорғанып жатыр. Ойынның аяқталуына бір жарым минут қалды. Португалия есепті теңестірді. Гол соққан – Бруно Коэльо. Есеп - 2:2.

Сұрапыл тартыс пенальти сериясына ұласты. Бұл сынақта Португалияның үстемі жоғары болды. Финалды уыстан шығарып алдық. Бірақ, біздің жігіттер жеңілген жоқ. Еңсесін түсірген жоқ. Соңғы сәтке дейін шайқасты! Ойыннан соң да барша жанкүйерлер алғыс айтты! Қазақ халқы қолдады!

Біздің жігіттерді тағы бір маңызды ойын күтіп тұр! Қола жүлде үшін талас! Қарсылас – Бразилия! Ойын 3 қазан күні өтеді. 

Алға, Қазақстан!

Бөлісу
Жоғары