ТАЛҒАТ БАЙСУФИНОВ: «БІЗДІҢ БАСЫМЫЗДА ҚАРСЫЛАС БІРІНШІ НӨМІРМЕН ОЙНАУҒА МҮМКІНДІК БЕРМЕЙДІ ДЕГЕН ОЙ ҚАЛЫПТАСЫП ҚАЛҒАН»

ТАЛҒАТ БАЙСУФИНОВ: «БІЗДІҢ БАСЫМЫЗДА ҚАРСЫЛАС БІРІНШІ НӨМІРМЕН ОЙНАУҒА МҮМКІНДІК БЕРМЕЙДІ ДЕГЕН ОЙ ҚАЛЫПТАСЫП ҚАЛҒАН»

10 қазан 2021, 01:40
Жігіттер ойынды керемет бастағанымен, тізгінді қарсыласқа беріп қойды.

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Босния және Герцеговинамен болған матчты (2:0) қорытындылады:

- Шомко мен Вороговский - жақсы ойыншылар, бірақ біз тура солардың қапталынан гол жіберіп алдық. Логвиненконың да қателігі болды. Жағдайдың бұлай өрбуіне не себеп?

- Сіз бірінші гол туралы айтып отырсыз ба? Иә, біз жігіттерге үзіліс кезінде қарсыласқа көп уақыт бермеу керектігін және пас шығаруға мүмкіндік бермеңдер деп айттық. Алғашқы гол кезінде біздің қақпашы Стас та өз орнында болмады. Бізде тек осы қапталда ғана емес, оң қапталда да қиындықтар болды. Бұл бір адамның қателігі деп айтпаймын. Менде талдау жасауға уақыт болады. Мен жігіттермен сөйлесемін. Меніңше, Босния бізге шабуыл ұйымдастыруға уақыт берді. Біз ойынды жақсы бастадық. Ал үзіліс кезінде мен олардан: «Неге қорқасыңдар?» деп сұрадым. Бірақ бұл туралы кейінірек сөйлесейік. Біз бірінші нөмірмен ойнауға әлі дайын емеспіз. Бұл функционалды жаттығуларға ғана байланысты емес. Менің ойымша, бұл психология мен менталитетке тікелей қатысты. Біздің басымызда қарсылас бірінші нөмірмен ойнауға мүмкіндік бермейді деген ой қалыптасып қалған. Жігіттермен сөйлесіп, осы жағдайды талқылау керек.

- Психолог шақыру керек пе, әлде өзіңіз шеше аласыз ба?

- Психолог не істейді? Ол сізге тактика туралы айтпайды. Біз үнемі екінші нөмірде ойнаймыз. Ал енді қарсылас бос кеңістік беруде. Жаттығуда біз осы сәттер бойынша жұмыс істейміз, ал ойында асығамыз.

Бөлісу
Жоғары