Қазақстан құрамасы жаттығу жұмыстарын бастады

Қазақстан құрамасы жаттығу жұмыстарын бастады

08 қараша 2021, 19:51
Жаттығу жұмыстарына бірнеше футболшы жарақатына байланысты келе алмады.

Талғат Байсуфинов баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасы Нұр-Сұлтан қаласында жаттығу жиындарын бастады. 13 қараша күні Қазақстан құрамасы Парижде Францияға қарсы ойнайды. Ал одан кейін 16 қараша күні өз алаңында Тәжікстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізуі тиіс. Құрама сапында бірнеше өзгерістер орын алғанын айта кетейік. Жартылай қорғаушы Георгий Жуков жарақатына байланысты құрамаға келмеді. Сонымен қатар, жарақат алған Ян Вороговскийдің орнына «Тобыл» қорғаушысы Бағдат Қайыров шақырту алды.

Қазақстан құрамасы 11 қараша күні Нұр-Сұлтан – Париж бағытында жолға шығады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары