Қазақстан құрамасына 2 ойыншы қосылды

Қазақстан құрамасына 2 ойыншы қосылды

10 қараша 2021, 09:10
Талғат Байсуфинов жарақат алған футболшылар орнына тәжірибиелі аяқдопшыларды шақырды.

Жарақат алған Георгий Жуковтың орнына құрама сапына Аслан Дарабаев келіп қосылды. Ол биыл "Каспий" сапында 24 ойында алаңға шығып, 5 гол салды. Сонымен қатар, құрама қатарына Бауыржан Байтана да шақырту алды. Ол биыл Солтүстік Македонияға қарсы жолдастық матчта алаңға шыққан болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, 13 қараша күні Қазақстан сырт алаңда Франциямен, ал 16 қараша күні өз алаңында Тәжікстанмен кездеседі. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары