Тәуелсіздікке тәу етті

Тәуелсіздікке тәу етті

10 қараша 2021, 23:40
​​​​​​​Тараз қаласында ардагерлер арасында өте қызықты жарыс өтті.

Биыл Тәуелсіздікке 30 жыл толып отыр. Осы орайда Қазақстан ардагер лигасының бастамасымен Тараз қаласында жасы 50 ден асқан ардагерлер арасында арнайы жарыс өтті. Жарыстың форматы 8х8 болды. Сайдың тасындай іріктелген 6 команда чемпионды анықтады. Ойындар топтық жүйе арқылы өтіп, барлық команда бір бірімен кездесіп шықты. Үшінші, жүлделі ороынды елордадан келген КГМПРОФ командасы иеленді. Ал екінші орынды Шымкент қаласының намысын қорғаған «Оңтүстік» командасы еншіледі. Бірінші орын болса – Тараздың жергілікті «Дантист» командасына бұйырды.

Жарыстың марапаттау рәсімін Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілдә Байшақов жүргізді. Доданың «үздік қақпашысы» номинациясын «Оңтүстік» командасының қақпашысы Мейірбек Ақшораев жеңді. «Тасқамал қорғаушы» атағы «Дантист» командасының ойыншысы Георгий Марденовке тиесілі болды. Жарыстың «үздік шабуылшысы» номинациясы «Жетісу» командасының шабуылшысы Дәулет Имандосовқа берілді. «Оңтүстік» командасының форварды Файзулла Ордабаев бүкіл сайыстың сұрмергені атанды. Оған қоса турнирдің «үздік ойыншысы» деген марапат Қуаныш Тілеубаев (КГМПРОФ) секілді шебер футболшыға берілгені ешкімнің күмәнін тудырмады.

Естеріңізге сала кетсек, Тәуелсіздікке тарту жасап осындай жарыстар ұйымдастырып жүрген Инаят Қырықбаевтың да еңбегін атап өткен жөн. Ардагерлер жарысы ең алдымен салауатты өмір салтын насихаттайды, сонымен бірге жастарға көрсетілген өнеге деп түсінуге болады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары