Нұрғайни Бөрібаев: «Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына қатысқым келеді»
- Дайындық жұмыстары жақсы өтіп жатыр. Осы оқу-жаттығу жиынында қорғанысқа қарайламай үнемі шабуылға шығу жолдарын көрсетіп жатыр. Маусым соңы болғанына қарамастан жаттығу жұмыстарына дайынмын. Шақыртуды күткенім рас. Енді барымды салып, өзімнің деңгейімді көрсетуге тырысамын. Осы уақытқа дейін 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жейдесіне халықаралық турнирлерге қатыстым. Португалия қарсы ойын мен үшін үлкен сабақ болды. Футболдың жылдамдығын сол кезде ұғындым. Көп ойлану жоқ. Ал 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамаларының ойындары карантиннің салдарына байланысты болмады. Биыл Премьер-лига ойындарына қатысып, үлкен футболдың аздап тәжірибесін жинадым. Ол жақта жылдам футбол ойнау қажет. Доппен жүруге және алдасуға уақыт болмайды. Жылдам ойлану шарт. Команданың қатарында жүрген тәжірибелі футболшылар да ақыл-кеңестерін аяған емес. Енді жастар құрамасының жаттығуларында тер төгіп, Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына қатысқым келеді.