Қазақстан жасөпірімдер құрамасы жарысқа қатысады
25 қаңтар 2022, 12:50
Бұл команданы биылдан бастап Александр Кузнецов баптайтын болады. Ол осыған дейін Қазақстан U19 құрамасының тізгінін ұстаған еді. 17 жасқа дейінгі жеткіншектер құрамасы Нұр-Сұлтан қаласына жиналып, 31 қаңтардан бастап бір апталық жаттығу жиынын өткізеді. Минсктегі жарыс 6-13 ақпан аралығында өтеді. Онда Қазақстан құрамасы «А» тобында өнер көрсетеді. Біздің команданың бәсекелестері Белорусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан құрамалары болады. Қазақстан U17 құрамасы алғашқы ойынын 6 ақпан күні Белоруссия құрамасына қарсы ойнап бастайды.
Жаңалықтар
25 қаң., 07:22
25 қаң., 07:07
25 қаң., 03:40
21 қаң., 10:21
20 қаң., 15:10