Рикардо Кака: «Италия турнирдегі ең үздік ойынын көрсетті»

Рикардо Кака: «Италия турнирдегі ең үздік ойынын көрсетті»

29 қаңтар 2022, 03:40
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Италиямен өткен ойынды қорытындылап, плей-офф кезеңіне қай ойыншылардың қатыспайтынын айтты.

- Тағы да қиын ойын. Біздің топта оңай ойын болмағандай.

- Италиямен өте ауыр ойын болды. Алғашқы таймның ортасына қарай Азат Валиуллин жарақат алып қалды. Ол ойынды жақсы бастап, гол соқты. Мұндай матчқа дайын ойыншылардың саны аз болды. Команда барлық қиындыққа төтеп берді. Еуропа чемпионатына тек әдемі ойын көрсету үшін келмедік. Жеңіске жету үшін келдік. Жеңіске жету әрқашан допты ұстауды білдірмейді. Бүгінгі ойында Игитаға үлкен сенім арттық. Ол – өте керемет қақпашы. Қорғанысты қарайлап, күшімізді үнемдедік. Игита көп күш жұмсамау үшін шабуылға да араласпады. Әрқашан бірінші нөмірмен ойнау қажет емес. 

- Біздің топтың ойындары өзгелермен салыстырғанда шағын турнир сияқты болды.

- Біздің топтатағы қарсыластардың деңгейі тең болды. Барлық команда әр кездесу жақсы ойынын көрсете бастады. Бүгін Италия турнирдегі ең үздік ойынын көрсетті. Біздің де ойынымыз жақсара түсті. Кейбір топтарда оңай ойындар болды. Алайда, біздің топтың тағдыры соңғы минуттарда ғана айқындалды. Мәселен, Финляндияны топтан шығады деп болжағандар жоқтың қасы.

- Валиуллинің жарақаты айтып өттіңіз. Тайнан мен Эдсон да сары қағаз алып келесі ойынға қатыса алмайтын болды. Тағы толық құраммен ойнай алмаймыз. 

- Бүгінгі ойында үш ойыншыны жоғалттық. Екі ойыншы ғана команданың қатарына қайта оралуы мүмкін. Шыңғыс Есенаманов каратинде 31 қаңтарға дейін. УЕФА-дан ертерек сынақ  жасап, ойынға қатысуына мүмкіндік жасауын сұраймыз. Келесі жолы да қиын болады. Алайда, алға нық қадам басамыз. Ешқандай ақталудың қажеті жоқ.

Бөлісу
Жоғары