Қазақстан жастар құрамасы жолдастық ойында Қырғызстанды ұтты

Қазақстан жастар құрамасы алғашқы минуттан бастап ойынды қолға алғанымен, үзіліске дейін есеп ашылмады. Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері екінші таймда ойын қарқынын үдете түсті. Соның нәтижесінде Арсен Бораншиев есеп ашты. Матчтың 54-минутында қорғаушының қайшылап тепкен добы қақпа торынан табылды.
Ойынның 89-минутында шабуылшы Мирас Тұрлыбек мүмкіндігін мүлт жібермей, есепті еселеді - 2:0.
Қазақстан U-21 құрамасының бірінші таймға шыққан құрамы: Вадим Петров, Арсен Бораншиев, Егор Ткаченко, Жалғас Жақсылықов, Дінмұхамед Қашкен, Лев Скворцов, Сұлтан Сағнаев, Елхан Астанов, Вячеслав Швырев, Еркебұлан Сейдахмет, Абылайхан Жұмабек;
Қазақстан U-21 құрамасының екінші таймға шыққан құрамы: Темірлан Анарбеков, Александр Широбоков, Дамир Қасаболат, Сағи Совет, Данияр Үсенов, Дінмұхаммед Қараман, Ерсұлтан Қалдыбеков, Дамир Марат, Жасұлан Қайыркенов, Станислав Басманов, Жасұлан Жұмашев, Мирас Тұрлыбек.