Қайрат Нұрдәулетов: «Бүгінгі матчта футболшыларға әртүрлі тактикалар көрсеттік»

Қайрат Нұрдәулетов: «Бүгінгі матчта футболшыларға әртүрлі тактикалар көрсеттік»

24 наурыз 2022, 20:36
Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов Қырғызстанмен өткен жолдастық ойынның қорытындысы туралы ҚФФ баспасөз қызметіне пікір қалдырды.

- Бәрі ойдағыдай болды деп ойлаймын. Қарсыластың ойынын талдап, зерттеу жүргізгенбіз. Бүгінгі матчта футболшыларға әртүрлі тактикалар көрсеттік. Бірінші таймда жақсы ойнағанымызбен, шабуылдарды соңына дейін жеткізе алмадық. Алайда, негізгі мақсат орындалды. Екінші таймда он футболшыны ауыстырдық. Жаңа команда шықты деуге болады. Ойын екпінін де үдете түстік. Кездесу соңына қарай қарсылас физикалық жағынан есе жібергендей. Алға қойылған комбинациялар мен жаттығуда жасаған «стандарттарды» іске асыра алдық. Ел чемпионатында ойнап жүрген балалардың барлығы дерлік шақырылды. Деңгейлері жаман емес. Үйреніп жатыр. Әлі де жақсартатын жұмыстар бар. Соны алдағы күндері пысықтаймыз. Шотландиямен өтетін келесі кездесуге сақадай сай болуымыз қажет.

Бөлісу
Жоғары