Қазақстан жастар құрамасы Шотландиямен тең ойнады
Алматы қаласының Орталық стадионында өткен ойын толассыз жауған жаңбырмен басталды. Ауа райының қолайсыздығы футболшылардың нағыз шеберліктерін көрсетуге кедергі болды.
Алғашқы голды бұрыштама добынан кейін қонақтар соқты. Ұтымды сәтті мүлт жіберген Росс Грэм болатын. Қазақстан құрамасының да гол соғатын бірнеше сәттері болғанымен үзіліске дейін есеп өзгермеді – 0:1.
Екінші таймда Шотландия құрамасы тағы да бұрыштамадан гол соғып, есепті еселеді. Бұл жолы ойынға тыңнан араласқан Том Клейтонның бағы жанды.
Толассыз жауған жаңбыр кездесу соңына қарай қарға ұласты. Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері қиындықтарға қарамастан есепті теңестіре алды. Ең алдымен Еркебұлан Сейдахметті қарсыластың қорғаушысы өз айып алаңында шалып жықты. Айып добын тепкен Сейдахмет есеп айырмасын қысқартты.
Стадионға жиналған жанкүйерлер қазақ жастарына соңына дейін қолдау көрсетті. Сол үмітті ақтауға тырысқан біздің футболшылар соңғы шабуылда гол соғып, таразы басын теңестірді. Голдың авторы – Абылайхан Жұмабек.
Қазақстан U-21 – Шотландия U-21 – 2:2 (0:1)
Голдар: Сейдахмет (пенальти) 71, Жұмабек 90+5 – Грэм 25, Клейтон 58;
Ескерту: Астанов 25, Скворцов 30, Жақсылыков 38, Қашкен 86 – Баррон 15, Уэлш 25, Барроуз 45+1, Доиг 80, Сликер 90+4;
Қазақстан U-21: Анарбеков, Скворцов, Совет, Жаксылыков, Сағнаев (Тұрлыбек 85), Астанов, Сейдахмет (Жұмашев 85), Жұмабек, Қашкен, Бораншиев (Швырев 64), Басманов (Үсенов 75);
Шотландия U-21: Сликер, Рэмзи (Бэнкс 69), Дойг, Майо, Уэлш (Клейтон 51), Леонард, Миддлтон, Грэмм, Баррон, Барроуз (Хай 74), Кэмпбелл;
Төрешілер: Дмитрий Мунтян, Владислав
29.03.2022. Алматы. Орталық стадион. 4638 жанкүйер.