Қайрат Нұрдәулетов: «Бүгінгі ойынның сапасына көңілім толады»

Қайрат Нұрдәулетов: «Бүгінгі ойынның сапасына көңілім толады»

29 наурыз 2022, 22:19
Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов Шотландиямен болған ойынды (2:2) қорытындылады:

– Шотландиямен ойынға салмақты дайындалдық. Бұған дейін сырт алаңда ойнағандықтан қарсыластың мығым әрі осал тұстарын жақсы білдік. Ең мықты тұсы – стандарттарды орындауы. Бүгін екі голды да бұрыштамадан соқты. Ойыншылар да, жаттықтырушылар штабы да соңына дейін сенді. Біздің жігіттер керемет ойнады. Жігер, ниет және мінез көрсетті. Әрі қарай осы ойынды жалғастыратын болсақ жеңістің ауылы алыс емес. Бүгінгі кездесуде сауатты ойын көрсетуге ауа-райы кедергі келтірді деп ойлаймын. Сол себепті өзгерістер енгізуге мәжбүр болдық. Матчтың соңғы секундына дейін күресіп, есепті теңестіре алдық. Дегенмен, турнир кестесіндегі жағдайымыз жақсы деп айта алмаймын. Кейбір ойындарда сәттілік жетіспеді. Алайда, ойыншылардың деңгейі өсіп келеді деп санаймын. Бұған дейін дейін шабуылға қарағанда қорғаныста жақсы ойнап келдік. Осы кездесуде шабуылдағы күшімізді көрсеттік. Бүгінгі ойынның сапасына көңілім толады.

Бөлісу
Жоғары