Айтбай Жамантаев – Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері

Айтбай Жамантаев – Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері

01 сәуір 2022, 18:32
Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері болып қазақстандық маман Айтбай Жамантаев тағайындалды.

Бұған дейін бұл қызметті Калоян Петков атқарған.

Айтбай Жамантаев бапкерлік мансабын 1982 жылы бастаған. 1984 жылы «Целинник» командасымен бірге КСРО чемпионатының 2 лигасындағы 8 аймақтың жеңімпазы атанған. 2004-2005 және 2017-2018 жылдары еліміздің басты әйелдер командасын баптады.

Айтбай Жамантаевқа әйелдер құрамасының бұрынғы капитаны Бегаим Қырғызбаева көмектеседі.

8 және 12 сәуірде команда 2023-жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында Словения мен Уэльске қарсы ойнайды. Оқу-жаттығу жиыны 4 сәуірде бастау алады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары