Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында қызмет атқарды

Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында қызмет атқарды

13 сәуір 2022, 12:42
Қазақстандық төрешілер Татьяна Сорокопудова (Қарағанды) мен Наргис Магау (Алматы) 19 жасқа дейінгі қыздар арасында 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында төрелік етті.

Ойындар 6-12 сәуір аралығында Солтүстік Ирландияда өтті. 

Қазақстандықтар төрелік еткен топта Әзербайжан, Мальта, Солтүстік Ирландия және Фарер аралдары құрамалары ойнады. Біздің төрешілер топтағы Солтүстік Ирландия — Мальта (1:1), Солтүстік Ирландия — Фарерские аралдары (5:0) және Әзербайджан — Солтүстік Ирландия (0:1) матчтарында қызмет атқарды.

Татьяна Сорокопудова екі кездесуде бас төреші болса, бір ойында қосалқы төреші міндетін орындады. Наргис Магау үш ойында да бас төрешінің көмекшісі болды.

Бөлісу
Жоғары