Қазақ футболы күні құтты болсын!
2002 жылдың 25 сәуірінде Стокгольмде өткен УЕФА-ның 26-конгресінде Қазақстан ресми түрде Еуропа футбол қауымдастықтарының одағының (УЕФА) құрамына қабылданды. Дәл осы күннен бастап біздің елімізде ең танымал спорт түрінің тарихтағы жаңа парағы ашылды.
Осы уақыт аралығында ел футболы алға қадам басып, өз позициясын нығайту үшін күш салып жатыр. Алайда, жарқын жеңістер мен үлкен табыстарға тек сіздермен бірге жетеміз!
Қазақстан футбол федерациясы баршаңызды, яғни, жанкүйерлер мен әуесқойларды, жас дарындар мен кәсіпқой ойыншыларды, бапкерлер мен ардагерлерді, төрешілер мен мамандарды, демеушілер мен серіктестерді мерейтойлы датамен шын жүректен құттықтайды. Біз сіздердің осы спорт түрін дамытуға қосқан еңбектеріңізді бағалаймыз.
Баршаңызға спорттық жеңіс, ұмытылмас көңіл-күй мен керемет әсер тілейміз!