ФИФА қауымдастықтарға, клубтарға, футболшылар мен жаттықтырушыларға арналған заң порталын іске қосты

ФИФА қауымдастықтарға, клубтарға, футболшылар мен жаттықтырушыларға арналған заң порталын іске қосты

06 мамыр 2022, 12:17
2022 жылдың 1 мамырынан бастап ФИФА заң платформасы іске қосылды. Оның көмегімен әрбір мүдделі тарап (қауымдастық, клуб, футболшы, жаттықтырушы) спорттық арбитраждық сотта (CAS) және ФИФА сот органдарында өз істерін тиісті түрде бақылауға және қадағалауға мүмкіндік алады.

Порталды пайдалануды бастау мақсатында барлық мүдделі тараптар тіркеуді жүзеге асыруы қажет.

Осы порталды тіркеуге және пайдалануға қатысты барлық қажетті ақпаратты ФИФА-ның ресми циркулярынан және тиісті нұсқаулықтан таба аласыз. Осы жерден жүктей аласыз.

Бөлісу
Жоғары